Астананың кейбір аудандарында электр энергиясы мен ыстық су беру тоқтатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астананың кейбір аудандарында ыстық су беру тоқтатылады. Бұл туралы astana.kz сайтына «Астана-Теплотранзит» АҚ хабарлады.

Астананың кейбір аудандарында электр энергиясы мен ыстық су беру тоқтатылады

Мына мекенжайлар бойынша жылу есеп құралдарын орнатуға байланысты ыстық су беру жоспарлы ажыратылады: Иманов 36, Кравцов 4, Тархан 7/1, Пушкин 15, Есенберлин 14/1, 14/2, Ағыбай батыр 3,4,5,2,2/1, Иманов 2,4, Республика 9,11,13,7/2,9/1,9/2, Бөкейхан 10,12,8,4,2,6.

Мекеменің хабарлауынша, жылу магистральдарын тығыздыққа сынауға байланысты мына аудандарда ыстық су беру тоқтатылады: Тілендиев, Бөгенбай батыр, Сарыарқа даңғылдары, Есенберлин, Құтпанов, Гете, Алтынемел, Алтынсарин, Тынышбаев, Біржан сал, Ақбұғы, Қарасай батыр, Конституция, Мыңарал, Молдағұлова, Потанин, Мәскеу, Затаевич, Шыптас, Бәйсеитова, Барқытбел, Қарталы, Суворов, Аспар, Бөкеев, Ақбидай, Кемеңгерұлы, Бұланты, Өндіріс, Кеншағыл, Тайбурыл, Құс жолы, Ақсеңгір, Бейсекова, Фахд бен Абдулл Азиз, Ақан сері, Жамбыл, 187-ші, 188-ші, Сарыбұлақ, Талапкер көшелерін.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ПИК пен ПК төрағалары ыстық сумен қамтуды желіден айырып тастап, жылу желісіндегі барлық жұмыстарды тоқтатуы қажет. Сондай-ақ, осы кезеңде кезекшілік ұйымдастырылуы тиіс.

Бұдан басқа, «Астана-АЭК» АҚ бүгін келесі мекен-жайлар бойынша электр энергиясын беру жоспарлы тоқтатылатынын хабарлады: Абай даңғылы 49,51,53/1, 80/2, Иманбаев көшесі 88, Омаров көшесі 10, Тельман кенті, Мұғалжар көшесі, Заречный кенті, Октябрь 70 жыл көшесі, Әуезов көшесі 41/1, 43/1, 45/1.