Астананың кейбір аудандарында электр энергиясын беру уақытша тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астананың кейбір аудандарында сағат 9.00-дан 18.00 дейін электр энергиясын беру уақытша тоқтатылады.
«Астана ЭҮК» АҚ хабарлауынша, мына мекенжайлар бойынша орналасқан нысандарда жарық өшіріледі: Оңтүстік-шығыс шағынауданында (Шертер к-сі, Майқайын к-сі), Шұбар шағынауданында (Босаға к-сі, Меркi к-сі, Хлудов к-сі, Мақатаев к-сі, Ғарышкерлер к-сі, Весенняя к-сі 5, Атасу к-сі, Тайбеков к-сі), Комсомольский кенті (Тұмар Ханым к-сі, Қыз Жібек к-сі, Айша Бибі к-сі, Баян Сұлу к-сі, Ұмай Ана к-сі), Көктал кенті 2 (Қайнар к-сі, Мойылды к-сі, Аркалық к-сі, Ақмола к-сі). Сондай-ақ, Дулатов к-сі 40-55, Суворов тұйық к-сі 1-3, 25-31, 22,24, Промышленный кенті (Бәйшешек к-сі, Көкарал к-сі).
Қалалық электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты электр энергиясын беру тоқтатылады. Жұмыстар аяқталған соң электр жнергиясын бюеру қалпына келтіріледі, деп хабарлады astana.kz.