Астананың кейбір аудандарында су беру уақытша тоқтатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық әкімдігі жағдаяттар орталығының хабарланауынша, Мағжан Жұмабаев көшесі бойында Д=600мм су құбырында жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты ауыз су беру тоқтатылады.

Астананың кейбір аудандарында су беру уақытша тоқтатылады

21 шілдеде сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін Мағжан Жұмабаев көшесіндегі  9, 3/1, 7/1 үйлерінде ауыз су берілмейді.

Сондай-ақ келесі нысандарда су беру желісі уақытша ажыратылады.

Тұрғын үйлер: Жұмабаев даңғылы 3, 3/1, 5, 5/1, 7/1, 9, 9/1, 9/2;  Петров көшесі 23, 31/1, 32.

Адам тұрмайтын нысандар: Жұмабаев даңғылы 7 - «Арасан» моншасы; Петров көшесі 29 - «Ақсу» моншасы; Жұмабаев даңғылы 5/2; Петров көшесі 25, 27, 31, 30, 34; Жирентаев көшесі 18.