«Астананың кішкентай аруы - 2010» ұлттық балалардың әсемдік пен талант конкурсының V финалдық байқауы өтеді

АСТАНА. Қарашаның 6-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қарашаның 14-і күні Астанадағы «Көрме» сарайында «Астананың кішкентай аруы - 2010» ұлттық  балалардың әсемдік пен талант конкурсының V финалдық байқауы өтеді,

«Астананың кішкентай аруы - 2010» ұлттық  балалардың әсемдік пен талант конкурсының V финалдық байқауы өтеді

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқауды «Ок-моделс» сән агенттігі Астана әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырады. Аталмыш шара ұйымдастырыла бастаған уақыттан бері, яғни 5 жыл ішінде оған 300-ге жуық қыз бала қатысқан. Байқау «Кішкентай Қазақстан аруы» конкурсының жолдамасы іспеттес, яғни одан жеңіп шыққандар республикалық байқауға қатысуға мүмкіндік алады. Мысалы, 2003 жылғы «Кішкентай Астана аруы» байқауының жеңімпазы Мәдина Батағазиева «Кішкентай Қазақстан аруы 2003» конкурсында да жеңімпаз атанды. Бұдан соң Мальтада өткен «Кішкентай әлем аруы» байқауына еліміздің атынан сынға түскен дарынды қыз «Кішкентай ханым» аталымын жеңіп алып, әлемдегі ең әдемі 5 қыздың бірі болды. Сондай-ақ «Кішкентай Қазақстан аруы 2003» байқауында 2-ші және 3-ші жүлделі орындарды жеңіп алған Кристина Жукова мен Дана Молдажанова «Кішкентай славян аруы 2003» халықаралық байқауына қатысып, онда да жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Кристина Жукова «Кішкентай ТМД аруы» атанса, Дана Молдажанова әлемге әйгілі еуропалық туристік компаниялардың жолдамасын жеңіп алып, кәрі құрлықтың 5 мемлекетіне саяхат жасады.