12:43, 11 Қараша 2012 | GMT +5
Астананың қоғамдық көліктерінде «электронды билет» енгізіледі
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Астананың қоғамдық көліктерінде «электронды билет» енгізіледі. Бұл туралы өзінің блогында елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов хабарлады.
«Бүгінгі күні жол қозғалысы ережелерін бұзудың, бағдарлардағы бірін-бірі басып озудың, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы төмендігінің басты себебі қолма-қол ақша жинаудан болып отыр. Осы аталған кемшіліктерді жою және сервис қызметін жақсарту мақсатында бүгінгі таңда 2013 жылы жолаушыларға билетті электронды түрде беру - «Электронды билет» жобасы» пысықталуда, деп жазды И.Тасмағамбетов.
Оның айтуынша, бұл ілкі жоба, оның бастапқы кезеңінде қалалық қоғамдық көліктерде кондукторлар өз жұмыс орындарын сақтайды. Ал жүйенің өзін кезең-кезеңімен енгізу көзделуде.
«Әзірге кондукторлардың жұмыстан босап қалуға қапалануының жөні жоқ»», - деп қосты әкім.