Астананың қоғамдық көліктеріндегі электронды төлем жүйесі жыл соңына қарай іске қосылады
Елорда тұрғындарының аталмыш тобы жергілікті атқарушы биліктің шешімімен қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығына ие болады. Бүгінгі таңда жеңілдіктерге ие тұрғындар тізімінде тіркелген 86 мың адамның 20 мыңға жуығы фотоға түсіп үлгерді.
«Біздің компания қазіргі уақытта Астана бойынша ІТС жүйесін енгізумен айналысуда. Бұл - интеллектуалды көлік жүйесі. Соның нәтижесінде қоғамдық көліктердегі қызмет көрсету сапасы жақсарады деп күтілуде», - дейді «Астана ЛРТ» ЖШС ІТ-технологиялар және байланыс бөлімінің жетекшісі Сергей Попов.
Қазіргі уақытта автобустарда Еуропадан сатып алынған арнайы валидаторлар орнатылуда. Сонымен қатар, электронды төлем жүйесін іске қосардың алдында қала бойынша арнайы автоматтар орнатылмақ. Аталмыш автоматтар арқылы тұрғындар бір реттік және ұзақ мерзімді жол жүру билеттерін сатып ала алады.
«Кондукторларды жұмыстан қысқарту көзделмеген. Олар консультант қызметін атқарады. Біліктілікті арттыру орталықтарында олар арнайы оқудан өтеді», - дейді С. Попов.