Астананың қоғамдық көліктеріне жол ақысын төлейтін электронды карта енгізілмек

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада бір ғана автопаркте 10 бағыт бойынша қызмет көрсететін 144 автобус бар. Бұл күннен-күнге қарыштап дамып, халық саны артып келе жатқан ірі мегаполис үшін аздық етуі де мүмкін.
None
None

«Оған себеп, қоғамдық көлік қызметіне көңілі тола қоймайтын тұрғындардың да барлығы. Алайда, бұл жағдайды жақсарту үшін атқарылып жатқан жұмыстар да жетерлік. Автобус жүргізушілеріне ескертулер жасалып, арнайы мекемелерде кәсіби біліктілікті шыңдауға мүмкіндік жасалған. Бұдан кейін еш өзгеріс болмаса, автопарк басшылары жүргізушілерді жұмыстан босатуға мәжбүр.  Екінші бір жағдай, Астанадағы қоғамдық көліктерге электронды пластик карта мен валидатор орнату жоспарланып жатыр»,-деп жазады елорданың ресми сайты.

 «Біз бірінші кезекте қаржы тәртібін орнатпақпыз. Яғни, әр жолаушының жол ақысын төлегені бақылауда болады. Демек, кондукторлар ақша жымқыра алмайды деген сөз. Ал, екінші кезекте жүргізушілердің қызметі қатаң бақылауға алынады. Егер, бұл жүйе жүзеге асса, жүргізушілер күн сайынғы есеп өткізуден құтылады. Онда барлық жүргізушілердің айлығы бірдей болуы керек»,-дейді Астана қаласы №1 автопарк директоры Сергей Богатырев.

Израильден әкелген жаңа техниканың қаншалықты пайдасы тиерін дөп басып айту қиын. Бірақ, қолданысқа ене қалған жағдайда жол ақысын ақшамен төлеуге болады.

«Бұл құрал қоғамдық көлікте тәртіп орнатуға пайдасын тигізеді деп ойлаймын. Бірінші кезекте жолаушылардың жағдайымен санасып отырмыз. Сондай-ақ, біз елорданың аязына төтеп беруін де ескердік»,-деді электронды принтерлерді жеткізу жөніндегі компания өкілі Нариман Доскеев

Ал, халық үшін ең бастысы жайлы көлікке жайғасып, діттеген жеріне аман-есен жету. Жаңа қондырғы қызмет сапасының артуына да ықпал етеді.

«Енді жол ақысын электронды карта арқылы төлейтін болсақ, онда жүргізушілерді ақша қызықтырмайтын болады. Бірақ, әрбір аялдамада кондукторлар билет тексеріп отыруы керек. Ешкім-ешкіммен таласпайды, жарыспайды. Өйткені жол көлік оқиғасының көбісі сол асығыстық салдарынан болады. Қоғамдық көлікте тәртіп болады»,-делінген елорданың сайтында.

Айта кету керек, электронды картаға ақша құю ұялы телефон бірлігін толтырғаннан қиын болмайды. Ол үшін қалада бірнеше арнайы қондырғы орнатылатын болады.

Соңғы жаңалықтар