10:33, 16 Наурыз 2013 | GMT +5
Астананың Көктал-2 шағынауданында үш жігіт иіс тиіп уланды
АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше сағат 14.38-де Астананың Көктал-2 шағынауданында орналасқан жекеменшік тұрғын үйде

пештің ақауы салдарынан үш адам - 23, 19 және 16 жастағы жігіттер иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.