Астананың коммуналдық қызметтері мол түскен қар салдарымен күресуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа температурасының күрт төмендеуі мен мол жауын-шашынның түсуіне байланысты Астана қаласының коммуналдық қызметтері күшейтілген режімде жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астананың коммуналдық қызметтері мол түскен қар салдарымен күресуде

«Астана Тазалық» ЖШС-нің ақпаратына сәйкес, бүгінгі күннің өзінде қала аумақтарын тазалап, жолдарға құм-тұз қоспасын себу үшін 139 арнаулы техника мен 250-ден астам адам жұмылдырылды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы үш күнде елордада күн бұлттанып, оқтын-оқтын қар жауады, сырма боран соғып, көктайғақ болады. Ертең, 20 қазанда ауа температурасы түнде -4 -6° С, күндіз  -1 -ден +1°С-ге дейін.

21 қазанда ауа температурасы түнде -6 -8°С дейін төмендеп, күндіз 1 - 3°С нөлден төмен.

22 қазанда көшпелі бұлт шығады, оқтын-оқтын қар жауып, сырма боран соғады. Солтүстіктен 914 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз -2 -4°С.