«Астананың» қосалқы құрамы Өзбекстанның «Қарасай» футбол клубын 5:0 есебімен ойсырата ұтты

АЛМАТЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін футболдан Тәшкентте оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Астананың» қосалқы құрамы Өзбекстанның Бірінші лигасында өнер көрсететін «Қарасай» клубымен жолдастық кездесу өткізді.

«Астананың» қосалқы құрамы Өзбекстанның «Қарасай» футбол клубын 5:0 есебімен ойсырата ұтты

Онда Владимир Глевич жаттықтыратын астаналықтар тәшкенттік аяқдопшыларды 5:0 есебімен жеңді. Бұл ойында қарсыластар қақпасына шабуылдаған Тимур Бахридин 2 рет, ал қорғаушы Ербол Мұсабеков пен Радмир Муксинов және шабуылшы Джаба Джамаришвили бір-бір рет мергендігімен көзге түсті.

«Астана» клубының  20 қаңтарда басталған бұл жиыны 5 ақпанға дейін созылмақ.Олар келесі ойынын енді 3 ақпанда қазақстандық «Тараз» футбол клубының қосалқы құрамымен өткізбек.