Астананың «Локомотив» футбол клубы оқу-жаттығу жиынын Біріккен Араб Әмірлігінде өткізіп жатыр

АЛМАТЫ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Астананың «Локомотив» футбол клубы жаңа маусым алдындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын Біріккен Араб Әмірлігінде өткізіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Вахид Масудов жаттықтыратын астаналық бұл жаңа команда БАӘ-не қаңтардың 10-ы күні аттанған болатын. Өз құрамына Төлебаев, Набойченко, Юров, Шаяхметов, Сахалбаев, Абдулин, Бөлешев, Коробов, Шацких, Ларин, Алиев, Станишич, Рибич, Бранкович, Митрович, Ракочевич, Байжанов және тағы басқа футболшыларды жинаған «Локомотивтің» бұл жиыны қаңтардың 22-сіне дейін созылмақ. Клубтың баспасөз хатшысы Марат Исабаевтың айтуынша, олар онда 3-4 жолдастық кездесу өткізбек. Солардың бірі Ташкенттің «Пахтакор» футбол клубымен өтеді. Өзбекстандық команда қаңтардың 17-25 күндері Мәскеуде өтетін ТМД және Балтық жағалауы елдері чемпиондарының кубогы ойындарына қатысады.
Соңғы жаңалықтар