Астананың маңызды құрылысының бірі болып саналатын Халықаралық университеттің жобасына үлкен жауапкершілікпен қараған жөн - К. Мәсімов

АСТАНА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ -Мемлекет басшысының бастамасымен Халықаралық университеттің жобасы елордадағы  маңызды құрылыстарға теңестірілген болатын.
None
None

Бұл үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Естеріңізде болса, Президент елордадағы Халықаралық университеттің құрылысын Астананың маңызды нысандарының құрылысымен теңестірген еді. Сондықтан осы бастамаға үлкен жауапкершілікпен қараған жөн. Аталған жобаның таныстырылымын келесі жылы тамыздың басында Елбасының қарауына енгізу қажет», деді К. Мәсімов.

 Айта кетейік, қазіргі кезде бұл университет АҚШ, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдердегі 25 жоғары оқу орнымен әріптестік байланыстар орнатты. Сондай-ақ еліміздегі түрлі ғылыми орталықтармен ынтымақтастық іс-шараларын жүргізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар