Астананың медицина мекемелері жұртшылықты скринингтік тексеруден өтуге шақырады

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Астана қаласының медицина мекемелері жұртшылықты скринингтік тексеруден өтуге шақырады.
None
None

Бұл туралы «Онкологиялық аурулардың алдын алу әдісі ретінде 2011 жылғы Астана қаласы тұрғындарының скринингтік зерттеулерінің қорытындысы» атты баспасөз мәслихаты  барысында мәлім болды.

Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасы бастапқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі штаттан тыс бас маман Алтыншаш Табылдина  2011 жылғы скринингтік әдістің қорытындылары бойынша Астана қаласында рак алдындағы сүт безі қатерлі ісігі ауруын ерте бастан анықтау бойынша  50 мен 60 жастағы азаматтардан 11 887 адам тексеруден өткен. Оның ішінде 1 908 жағдай анықталды. Ал рак алдындағы жатыр қатерлі ісігі ауруын ерте анықтау бойынша 35 пен  60 жас шамасындағы 13 989 пациент тексеруден өткен. Нәтижесінде 767 жағдай тіркелді.

Сонымен қатар, рак алдындағы тоқ ішек пен тік ішек қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша 50 мен 70 жас аралығындағы 28 мың 595 адам қаралған. Ол бойынша 10 жағдай анықталды.  Бұдан бөлек, 2011 жылдан бастап  маммографиялық скринингтің сапасын жоғарылату үшін арнайы шаралар қабылданып жатыр. «Осыған орай, Астана қаласының медициналық мекемелері елорда жұртшылығын скринингтік тексеруден өтуге шақырады», - дейді А. Табылдина.

Соңғы жаңалықтар