Астананың мектептерінде 12 оқушыға 1 компьютерден келеді
ТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Астана қаласының мектептерінде 12 оқушыға 1 компьютерден келеді.
Бұл туралы бүгін елордалық мәслихаттың кезекті 70-сессиясында мәлім болды.
«Бүгінгі күні 12 оқушыға 1 компьютерден келіп отыр. Мектептердің 100 пайызы интернетке қосылып, барлығында мектеп сайттары жұмыс істейді. Онымен бірге елорданың мектептері жаңа модификацияның заманауи кабинеттерімен жарақталуда», - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Аида Балаева.
Нәтижесінде, физика, химия және биология пәндері үшін 130 кабинет, мультимедиялық және лингафондық 119 кабинет жабдықталып, 557 интерактифті тақталар ілінді.
«Онымен бірге, Білім беру басқармасы жанындағы «Білім беру жүйесін ақпараттандыру орталығының» күшімен орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін автоматы басқару бойынша ақпараттық жүйенің жобасы енгізілу үстінде. «Е-leаrning» электронды білім беру бағдарламасы сынақ ретінде 10 мектепте пайдаланыла бастады», - деп түйіндеді ол.