Астананың негізгі капиталына салынған инвестицияның көлемі 420 млрд. теңгені құрады
Қарастырылып отырған кезеңде инвестициялар салудың 233 899,5 млн. теңге сомасындағы негізгі көздері немесе жалпы көлемнің 54,8% шаруашылық субъектілерінің жеке қаражаты болып табылады, мемлекеттік бюджеттің үлесі 28,8%-ды немесе 122 739,4 млн. теңгені құрады.
Салымдардың негізгі құрамдас бөлігі ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары болып табылды, олардың үлесіне 63,1% немесе 269 120,8 млн. теңгеден келеді, 2014 жылдың тиісті кезеңіне НКИ 119,6%-ды құрады.
Машиналар мен жабдықтарды, құрал-саймандар мен керек-жарақтарды сатып алуға инвестициялардың жалпы көлемінің 32,1% келеді, немесе 137 045,0 млн. теңгеден, бұл 2014 жылдың ұқсас кезеңінің көсеткішінен 7%-ға жоғары.
Еске салайық, ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында қаланың кәсіпорындары, ұйымдары және халқы жалпы ауданы 1 197 448 ш.м. (оның ішінде пайдалы ауданы - 875 762 ш.м.) тұрғын үйлер салды және пайдалануға берді, бұл 2014 жылдың деңгейінен 74,2% жоғары.
Барлығы тұрғын үй құрылысына 80 658,4 млн. теңге жұмсалды, бұл 2014 жылдың деңгейінен 5,3% жоғары.