08:41, 11 Қазан 2012 | GMT +5
Астананың «Оңтүстік-Шығыс» шағынауданында үш бала мен әйел иіс тиіп уланды
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Астана қаласының «Оңтүстік-Шығыс» шағынауданында 10 қазан күні сағат 11:20-да қатты отынмен жанатын пеш ақаулығының салдарынан иіс тиіп уланған 12, 8 және 6 жастағы үш бала мен 42 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.