Астананың орталығында ағашқа асылып қалған ер адам табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астананың қақ ортасында, өтіп бара жатқан жүргіншілер қорғаныс ведомствосының қарсысында ағашқа асылып қалған адамды кездейсоқ тапты.

Астананың орталығында ағашқа асылып қалған ер адам табылды

Оқиға орнын полицейлер бірден қоршауға алды, деп хвабарлады КТК.

Оқиға барлық арнайы қызметтерді аяғынан тік тұрғызды. Қорғаныс министрлігінің бақылау-өткізу бекетінің жанынан асылып қалған адам табылған бойда бірнеше минуттан кейін дәрігерлер, тергеушілер және сарапшы-криминалистер жұмысқа кірісті. Алдын ала мәліметтер бойынша, белгісіз ер адам өзіне-өзі қол салған - полицейлер оның денесінен зомбылық белгілерін таба алмады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаза болған адамның ат-жөнін анықтауда.