Астананың орталығында төрт машинаның қатысуымен жол-көлік апаты болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Момышұлы даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында төрт автомашинның қатысуымен жол-көлік апаты болды, зардап шеккендер бар, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі оқиға орнынан.

Астананың орталығында төрт машинаның қатысуымен жол-көлік апаты болды

Куәгерлердің мәліметінше, шамамен сағат 7.30-да Toyota Windom автомобилі Момышұлы даңғылымен жүріп келе жатып, жол қиылысына жетпей, жолдың қос сызығын кесіп өтіп, кері бұрылып, қарсы бетке шығып кетті. Сол жерде Lada көлігімен соқтығысты, тағы екі машинаны - Nissan және Toyota автомобильдерін қағып кетті.

Бірнеше адам зардап шекті - жүргізушілер  мен жолаушыларды «жедел жәрдем» алып кетті, оқиға орнында полицейлер жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

null null null