Астананың орталығындағы автокран мен жолаушылар автобусының соқтығысқан сәті
АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Желіде осы жылғы 5 тамызда Астананың орталығында автокран мен жолаушылар автобусының соқтығысу сәті түсірілген бейнетаспа пайда болды.
Еске сала кетейік, 2012 жылғы 5 тамызда, жексенбі күні Астанада Сарыарқа даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысында сағат 14-11-де «QY25k5» автокраны мен №36 жолбағытындағы «Skania» жолаушылар автобусы соқтығысып қалған болатын.
Оқиға салдарынан 4 адам қазаға ұшырады, 7-уі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ.
Жол-көлік апаты нәтижесінде автобус жолаушылары: У.Құрмашева - 1952 жылы туған; Д.Исмағамбетова - 1975 жылы туған; М.Әделшина - 1981 жылы туған; және жеке басы анықталмаған азияттық ер адам оқиға орнында көз жұмды.