Астананың өткізу бекеттерінде тәркіленген есірткінің көлемі артып келеді

АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Жылдың басынан бері Астананың «Рубеж» өткізу бекеттерінде есірткі тасымалдаудың 80 оқиғасы анықталып, айналымнан 55 киләдан артық есірткі заттары шығарылды. Бұл туралы бүгін Ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Аясын Байділдаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Оның айтуынша, осы оқиғаларға қатысы бар 70 адам әкімшілік жауапқа тартылса, қалған 10-ына ғана қалмыстық жаза қолданылды. Заңсыз айналымнан 55 киләдан артық есірткі заттары шығарылды. Өткен жылда бұл көрсеткіш 52 килә маңайында болды.

Соңғы жаңалықтар