Астананың пенитенциарлық жүйесінің ардагерлері «АЛЖИР» саяси жазалаулар мен тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешенінде болды
СТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Бас қаламыздың пенитенциарлық жүйесінің ардагерлері Астанадан 30 шақырым жерде орналасқан Ақмол поселкесіндегі «АЛЖИР» (Ақмола Отанын сатқандар әйелдерінің лагері) саяси жазалаулар мен тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешенінде болды, деп хабарлайды Астана қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) басқармасынан.
Астана қаласы бойынша ҚАЖК басқармасы бастығының орынбасары, әділет полковнигі Ермекбай Қожахметовтың айтуынша, бұл мәдени-көпшілік шара Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу аясында өтіп отыр.
Мұражай-мемориалдық кешенді аралау кезінде ардагерлер «Еске алу қабырғасына» гүл шоқтарын қойып, әр жылдары НКВД жүйесі бойынша жазаланған адамдарды бір минут үнсіздікпен еске алды, мұражайдың 1937-1938 жылдардағы саяси жазалаудың тарихи материалдарында көрініс тапқан мұражай мұрағаттарымен, жазаланғандардың, сондай-ақ Қазақстанға аударылған халықтар өкілдерінің тексеру істерімен танысты.
Естеріңізге сала кетейік, «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешені 2007 жылғы мамырдың 31-інен бастап жұмысын бастады, оның салтьанатты ашылуына осы тарихи ескерткіш идеясының авторы - Мемлекет басшысы қатысты.