Астананың полицейлері сенімге кіру арқылы түнгі клуб иесінің дүние-мүлкін иемденбек болған қылмыстық топты құрықтады

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астананың полицейлері сенімге кіру арқылы түнгі клуб иесінің дүние-мүлкін иемденбек болған қылмыстық топты құрықтады.
None
None

Бұл туралы елордалық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Хабарланғандай, Астанада өздерінің арам пиғылдарын жүзеге асырмақ болған 3 адамнан құралған қылмыстық топ Қарағанды қаласының тұрғындары болып шықты.

Қылмыстық оқиғаның желісі былай өрбіген. Ағымдағы жылдың ақпан айында Астанаға уақытша тұруға келген, бұрын бірнеше рет сотты болған 33 жастағы «А» есімді азамат қаланың түнгі клубтарының бірінің иесімен танысады, онымен жақын араласып, сеніміне кіреді. Кейін жәбірленушінің жеке мүлкін және ақшасын иемдену мақсатында ол Қарағандыға барып, екі сыбайлас тауып алып келеді. Олар бұрын сотталған және негізгі айыпталушымен бірге жазаларын өтеген 35 және 26 жастағы азаматтар. Ақпан айының бір кешінде олар жәбірленуші әйелге үйінің кіре-берісінде шабуыл жасап, көлікке күшпен кіргізеді де, алдын ала жалға алынған пәтерге алып келеді. Соққыға жығылған әйелден бағалы заттарын, ұялы телефонын, алтын әшекей бұйымдарын, құжаттарын тартып алған соң, жеке меншігіндегі мүліктерден бас тарту туралы құжаттарды нотариалды түрде рәсімдеуге мәжбүрлеген.

Баласы анасының үйдің жанына тастап кеткен көлігін көріп полицияға хабарласқаннан кейін, жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Оның барысында қылмыскерлердің пәтері анықталып, жәбірленуші босатылды. Негізгі айыпталушы «А» қолға түсіп, екеуі жасырынып үлгереді. 10 күннің ішінде Астана қаласының ІІД ҰҚКБ қызметкерлері қалған екі қылмыскерді Қарағанды қаласында ұстады.

Қазір қылмыскерлер елордада тергеу абақтысында отыр, оларға ҚР ҚК-нің 125-ші (адам ұрлау), 179-шы (қарақшылық шабуыл) және 327-ші баптары (озбырлық) бойынша айып тағылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум