Астананың республикалық жалпы өңірлік өнім көлеміндегі үлесі 9,4 пайызды құрады

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Астана қаласының 2013 жылғы 1 жартыжылдығындағы жалпы өңірлік өнімі 1 334513,2 млн. теңгені құрады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен хабарлады.
None
None

«Астананың ЖӨӨ үлесі республикалық көлемнің 9,4 пайызын құрайды. Бұл - Алматы қаласы (18,3%) және Атырау облысынан (12,7%) кейінгі үшінші көрсеткіш»,- делінген ведомство ақпаратында.

ЖӨӨ салалық құрылымында өнеркәсіп үлесі 3,7 пайыз, құрылыс 9 пайыз, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар 10,2 пайыз, көлік және қоймалау 10,3 пайыз, көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу 24,1 пайызды, басқа да қызметтер 42,7 пайызды құрады.

Жалпы өңірлік өнім Астана халқының жан басына шаққанда 1698,9 мың теңгені құрады және республика өңірлерінің арасында Атырау облысы (3224,1 мың теңге) және Алматы қаласынан (1751,7 мың теңге) кейін үшінші орында.

Соңғы жаңалықтар