Астананың ревизиялық комиссиясының төрағасы болып Ғ.Молдаш тағайындалды
АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Астананың ревизиялық комиссиясының төрағасы болып Ғалымжан Молдаш тағайындалды. Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс 68-ші сессиясынан кейін журналистерге берген сұхбатында мәслихат аппаратының басшысы Вера Пытьева мәлім етті.
Оның айтуынша, мәслихат сондай-ақ, ревизиялық комиссияның бір мүшесін - Галина Сотникованы сайлады. Онымен бір мезгілде сессия барысында Астана қаласы мәслихатының ревизиялық комиссиясын тарату туралы шешім қабылданды. Енді ревизиялық комиссия мәслихатқа есеп беріп отыратын, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің әдістемелік басшылығындағы мемлекеттік мекеме ретінде жұмыс істейтін болады. Төрағаны қоса есептегенде, ревизиялық комиссияда барлығы 5 адам болады. Мәслихат комиссия төрағасын Президент әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындаса, комиссия мүшелерін ревизиялық комиссия төрағасының ұсынысы бойынша тағайындайды.