Астананың «Рубеж» өткізу бекеттерінде жыл басынан бері есірткіні заңсыз тасымалдаудың 8 фактісі анықталды
АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Жыл басынан бері Астананың «Рубеж» өткізу бекеттерінде есірткіні заңсыз тасымалдаудың 8 фактісі анықталды.
Бұл туралы бүгін Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Аясын Байділдаев мәлім етті.
Оның айтуынша, осы оқиғаларға қатысы бар 7 адам әкімшілік жауапқа тартылса, қалған 1-еуіне қылмыстық жаза қолданылды.
Жалпы 2011 жылы елордада есірткіге қатысты 28 қылмыстық іс қозғалған. Оның 12 ісі есірткі сатумен айналысқандарға қатысты көтерілген. Заңсыз айналымнан 46 кг 274 грамм есірткі алынды. Сонымен қатар биыл 4 есірткі арнасы және бір есірткі притонының қызметі әшкереленді.