Астананың сарайлары мен дегдарлы үйлері сусыз қалды

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - 4 қаңтарда елордадағы «Алматы» ауданының Тәуелсіздік көшесінде сағат 16. 00-де тозған су құбыры  диаметрі 400 мм. көлемінде жарылып кетті.
None
None

Соның салдарынан«Гранд Астана» ТҮ, «Хайвил» ТҮ, «Французский квартал» ТҮ, «Сказочный мир» ТҮ, «Абылайхан» ТҮ, Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, шығармашылық Шабыт орталығы сияқты бірқатар үйлер мен мекемелердің тұтынушылары  сусыз қалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 Жарты сағаттан кейін Тәуелсіздік пен Қажымұқан көшелерінің қиылысында су құбыры 400 мм-ге дейін жарылып кетті. Қажымұқан көшесіндегі 2 және 4 -ші үйі, сондай-ақ  Петрова көшесінің 2-ші үйі сусыз қалды.

 Екі оқиғаны тоқтатуға 22 адам мен «Астана Су Арнасы» МКМ-нің апат бригадасының 6 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар