Астананың Сарыарқа ауданында өрт болды
ҚазАқпарат - Астананың Сарыарқа ауданында өрт болды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар департаменті.
«11 наурыз күні сағат 17-05-те Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің «101» нөміріне Сарыарқа ауданындағы Герцен көшесіндегі жеке үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен. Тұрғын үйге жапсарлас салынған құрылыс нысанының 70 шаршы метрі жанып кетті»,-делінген ТЖК таратқан мәліметте.
Өрт сөндірушілер өртті сағат 17-55-те ауыздықтап, 18-08-де толық сөндірді. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 18 адам мен Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 5 техникасы жұмылдырылды.