Астананың сауда орталықтарында акция өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 сәуір күні елорданың ірі сауда, ойын-сауық орталықтарында «Қауіпсіз мектеп» акциясы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астананың сауда орталықтарында акция өтеді

Астана қалалық білім басқармасының мәліметінше, «Біз қауіпсіз қала үшін» қалалық акциясы аясындағы шараға Төтенше жағдайлар департаменті, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту, Мәдениет және спорт және өзге де органдар қолдау көрсетіп отыр.

Мұндай шара елорданың барлық сауда, ойын-сауық орталықтарында ата-аналар мен қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен 7 және 14 сәуір күндері өтеді. Бірінші акция ертең сағат 12-00-де  «MEGA Silk Way», «СарыАрқа» және «Азия Парк» сауда, ойын-сауық орталықтарында бір мезетте басталатын болады. Акция барысында кішкентай келушілердің жол қауіпсіздігі ережесін білулеріне арналған ойындар өткізіледі.