05:43, 31 Тамыз 2017 | GMT +5
«Астананың» шабандозы «Вуэльтаның» 11-кезеңін жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Испания Вуэльтасы» көпкүндігінің 11-ші кезеңінде велошабандоздар таулы аймақтардан өтті, деп жазады Sports.kz.

«Астана» велокомандасының колумбиялық спортшысы Мигель Анхель Лопес осы кезеңнің жеңімпазы атанды.
Ал екінші болып мәре сызығын британиялық «Sky» командасының шабандозы Крис Фрум кесті. «Bahrain Merida» ұжымының италиялық спортшысы Винченцо Нибали үздік үштікті түйіндеді.
«Испания Вуэльтасы». 11 кезең.
Лорка - Обсерватория Калар Альто. 187.5 километр
1. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») - 5:05:09
2. Крис Фрум (Ұлыбритания, «Sky») - +0:14
3. Винченцо Нибали (Италия, «Bahrain Merida»).