Астананың Шарын базарында өрт болды
АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Кеше Астана қаласының Сарыарқа ауданында, Алаш тас жолы бойында орналасқан Шарын базарында өрт болды.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, халық тұтынатын тауарлар болған №6 металды контейнер отқа оранды. Жалын 4 шаршы метр аумақты шарпыды. Жапа шеккен жандар жоқ.