10:52, 11 Қыркүйек 2018 | GMT +5
Астананың сол жағалауында 4 құрылыс компаниясы жазаланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың сол жағалауында 4 құрылыс компаниясы жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елордадағы Есіл ауданы әкімдігінің Инстаграмдағы парақшасына сілтеме жасап.

«Есіл» ауданындағы құрылыс алаңдарына үнемі бақылау жүргізілуде. Бұл жұмыстың мақсаты - құрылыс нысандарының абаттандыру, санитарлық ережелер мен талаптарды ұстануы, Астана қаласы аумағында тазалықты қамтамасыз ету және жинастыруды ұйымдастыру.
Өткен аптаның қорытындысы бойынша ережені бұзғаны үшін 4 ұйым әкімшілік жауапқа тартылды. Олар - «Өркен» ЖШС, «Тэк Ресурс» ЖШС, «Райкен» ЖШС, «China Railway» ЖШС. Сондай-ақ, «Сары жайлау» ЖШС-ға ескерту берілді.
Әкімдік құрылыс алаңдарын бақылауды Есіл аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметімен бірге жүргізіп жатыр.