Астананың сол жағалауында көпқабатты үй өртеніп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың сол жағалауындағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты.

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің хабарлауынша, «Номад» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірі отқа оранған. Төтенше жағдай орнына 5 өрт сөндіру машинасы мен жедел жәрдем көлігі келді. Өрт сөндірушілердің қалай ғимарат қаптамасын түсіріп жатқаны және су құйғандары көрініп тұр.
Оқыс оқиғаның егжей-тегжейі әзіре белгісіз. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті кейінірек ақпарат беруге уәде етті.
