15:53, 06 Тамыз 2019 | GMT +6
Астананың сол жағалауында мейрамхана өртенді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың Төтенше жағдайлар департаменті «Мельница» мейрамханасындағы өрт туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«6 тамыз күні сағат 15:09-да «101» пультіне Тұран даңғылындағы 31-ғимаратта орналасқан «Мельница» мейрамханасы өртенгені туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласының ТЖ департаментінің өрт бөлімшелері бағытталды. Сағат 15:12-де «Мельница» мейрамханасына жапсарлас салынған ғимараттың шатыры өртенгені анықталды», - деп хабарлады қалалық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Депаратменттің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта өртті сөндіруге 30 өрт сөндіруші мен 6 техника жіберілген.
Өрт сөндірушілер келгенше мейрамхана ішіндегі адамдар эвакуацияланған.
Қосымша ақпарат тағы хабарланады.