Астананың сол жағалауындағы бірқатар үйлер жарықсыз қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың сол жағалауындағы Шұбар шағын ауданы мен Қонаев пен Сарайшық көшелеріндегі тұрғын үйлер электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Астананың сол жағалауындағы бірқатар үйлер жарықсыз қалды

«Қаланың сол жақ бөлігінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде, жарық беретін кабельдерге зақым келіп, салдарынан Шұбар кенті мен Қонаев көшесіндегі және сол жағалаудағы бірқатар тұрғын үйлер жарықсыз қалды. Қазіргі кезде төтенше жағдайларды жою мақсатында қаланың барлық коммуналдық және төтенше жағдайлар қызмет өкілдері жан-жақты жұмыстар жасауда», - деді Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.null

Сағат 22.30-да берілген ақпаратқа қарағанда, жарық үйлерге ақырындап беріліп жатыр. 

«Оқиға орнында «Астана-РЭК» бригадасы жұмыс жасауда. Бұл ірі апат болып отыр, ол таңға дейін жойылады. Қазіргі кезде жарық үйлерге беріле бастады», - деді Жүргенбаева.

Айта кетейік, элиталы тұрғын үйлерде жарықтың сөніп қалуы туралы тұрғындар әлеуметтік желіде жарыса жазып, жарықсыз үйлердің видеосын жариялауда.