Астананың сол жақ жағалауындағы құрылыстардың бірінде жұмысшы биіктіктен құлап қаза тапты

АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - 16 тамыз күні сағат 19:00-де Астана қаласының «Есіл» ауданындағы Жәнібек, Керей хандар және Ақмешіт көшелерінің қиылысында жаңадан салынып жатқан «АСИ» тұрғын кешенінде төтенше оқиға орын алды.

Астананың сол жақ жағалауындағы құрылыстардың бірінде жұмысшы биіктіктен құлап қаза тапты

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, мұнара кранының контейнерді көтеруі кезінде «БРС-Құрылыс» ЖШС-нің 30 жастағы жұмысшысы 8 метр биіктіктен құлап, оқиға орнында қаза тапты.