Астананың спорт кешендерінде балалар үйлері тәрбиеленушілерінің арасында турнир өтеді

Бұл туралы ҚР спорт индустриясын дамыту қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Ұйымдастырушылар: ҚР спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі Агенттігі, ҚР спорт индустриясын дамыту жөніндегі Қауымдастығы.
Турнирге «SOS Астана балалар ауылы», «№1-ші балалар үйі», «Кәмелетке толмаған балаларға арналған пана» балалар үйлерінің тәрбиеленушілері (барлығы 100-ден астам бала) қатысады
Шараның мақсаты: балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында спорт және дене тәрбиесін дамыту. Салауатты өмір салтын енгізуді насихаттау, өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесін күшейту, балаларды тұрақты түрде спортпен шұғылдануға баулу.
Турнирдің ашылу салтанатына Астана қаласы Есіл ауданының әкімі С.С. Мұстафина, Астана қаласы спорт басқармасының басшысы А. К. Құрғамбаева, Астана қаласы білім басқармасының басшысы Ә. Т. Бимендина, балалар үйлерінің басшылығы, «Барыс» хоккей клубының өкілі Евгений Маслов, «Жас Отан» және «Болашақ» ұйымдарының өкілдері және т.б. қатысады.