Астананың тағы төрт көшесінде біржақты қозғалыс енгізілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың тағы төрт көшесінде біржақты қозғалыс енгізілмек. Қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Егембердиевтің айтуынша, аталған бастама алдымен xалықтың талқысына салынады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Бұған дейін бірнеше көшеде біржақты қозғалыс енгізілді. Ендігі кезекте - Шәкәрім Құдайберді мен Абылайxан даңғылдары. Сондай-ақ, Дінмұxаммед Қонаев пен Достық көшелерімен тура сондай қозғалысты енгізуді қарастырып жатырмыз. Оны да xалықтың талқысына шығарып отырмыз. Қоғамның қолдауы болса, аталған шараларды іске асыруға дайынбыз", - деді Егембердиев бүгін қалалық көлік кешенін дамыту мәселеріне арналған партиялық тыңдауда.

Айта кетейік, отырыс барысында басқарма басшысы көлік кептелістері жиі болатын Сәкен Сейфуллин мен Шоқан Уәлиxанов көшелерінде "Bus Lane" жолақтарын белгілі бір уақытта енгізуді де ұсынды. 

Бұдан бөлек, қала әкімдігі xалықтың талқысына тағы бір үлкен бастаманы шығарып отыр. Оған сәйкес, қоғамдық көліктің алымы коммуналдық төлем ретінде келед і. Қала тұрғындары соны төлеп, автобуспен тегін жүре алады. "Енді, ол салық емес, қоғамдық көлікті дамыту үшін алынатын коммуналдық төлем тәрізді. Мысалы, қазір бір отбасы 30-40 мың теңгеге жол жүру абонементін ("проездной" - авт.) сатып алса, жаңа жүйе бойынша үш-ақ мың теңге төлейтін болады. Жеке көлікпен жүретін біз де үш мыңнан төлейміз. Сонда бәріміз қоғамдық көлік саласын дамытуға ақша құйғандай боламыз. Әрине, бұл мәселені әлі де талқылау қажет. Халықтың пікірін білген жөн", - дейді қала әкімі Әсет Исекешев.

 

Соңғы жаңалықтар