Астананың теміржол вокзалында «жұмсақ» орындықтар пайда болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан темір жолы» компаниясының өкілі көшпелі кеңес барысында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевке теміржол вокзалының іші қайта жаңғыртылып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астананың теміржол вокзалында «жұмсақ» орындықтар пайда болады

«Теміржол вокзалындағы темір орындықтар жұмсақ орындықтарға ауыстырылып, балалар ойнайтын орындар ашылады. Жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін вокзал ішіндегі супермаркеттер дұрысталып, қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Вокзалдағы өзгерістер 2017 жылдың сәуірінде аяқталады»,-деп хабарлады Қазақстан теміржол вокзалының өкілдері.

Қала әкімі Әсет Исекешев вокзалда көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартып, вокзал маңында қауіпсіздікті күшейту керек деген тапсырма берді.

Нақтырақ айтсақ, Ә.Исекешев өзінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунға бір ай ішінде вокзалдағы қызметтер сапасын жақсартуды, автокөлік тұрағындағы кептелісті азайтуды тапсырды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Әсет Исекешев Астананың теміржол вокзалы мен сапаржай маңындағы такси жүргізушілеріне жаңа автотұрақ жүйесін енгізуді тапсырған болатын.