Астананың теміржол вокзалындағы оқиға пойыздар қозғалысына кедергі келтірмеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 14:15-те желдің қатты ұйытқуы және қардың көп түсуі салдарынан Астана теміржол вокзалының перронында аумағы 40 шаршы метр болатын қалқа опырылып, № 376 «Астана-Лениногорск» пойызының вагонына құлап түсті. Вагон мен байланыс желісіне зақым келмеді.
Зардап шегушілер жоқ. Бұл оқиға пойыздардың қозғалысына кедергі келтірмеді, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. 






