Астананың ТҚС-тарының бірінде ірі өрт болды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде ірі өрт болып, техникалық қызмет көрсету стансысынан бөлек, дәмхана, офистер мен автокөліктер, сонымен қатар тұрғын үй коттеджі жанып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Ж.Тархан көшесіндегі екі қабатты кешен мен екі қабатты баспана, ТЖМ хабарлауынша, 24 наурыз күні шамамен түнгі он екі кезінде отқа оранды. ТЖМ таратқан ақпаратта айтылғандай, өрт 1500 шаршы метр жерді қамтыды.
"Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - делінген ақпаратта. 80 адамнан құралған өрт сөндірушілер бригадасы өртті тек таңғы сағат 04.23 кезінде ғана ауыздықтай алды.