Астананың топырағы Ресейдің Волгоград қаласына жөнелтілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16-сәуір күні Б. Момышұлы ескерткіші алаңында туған жердің топырағын Волгоград қаласына жөнелту рәсімі болды. Бұл шара Екінші дүниежүзілік соғыстағы ең ірі - Сталинград шайқасындағы жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Баспасөз қызметі.

Астананың топырағы Ресейдің Волгоград қаласына жөнелтілді

Осы шайқасқа Ақмола аумағында құрылған қазақстандық 459 және 387-ші атқыштар дивизиясы қатысып, Сталинград қаласын ерлікпен қорғағаны тарихтан белгілі.

Туған жердің топырағы арнайы салынған капсуланы жөнелту рәсіміне Астана қаласының ІІД-нің қызметкерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен олардың туысқандары, жауынгер-интернационалистер, Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы, Астана қаласының әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты.
null 

ІІО және ҰҰ ардагерлері қазақстандық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков салтанатты шарада Отанды жаудан қорғау үшін Ақмола жерінен майданға көп адам аттанғанын әңгімелеп, олардың ерлік істеріне тоқталды.
null 

Таяуда «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі 27 сәуірде Ресейде Сталинград қорғаушылары - Қазақстаннан барған жауынгерлерге арналған граниттен жасалған ескерткіштің ашылу салтанатына шақыру алған болатын.

null

«Генералдар кеңесі» РҚБ делегациясы туған жердің топырағын Ресей Федерациясының Волгоград қаласындағы «Мамаев қорғаны» мемориалына орнатылған аталған ескерткішке қоюды жоспарлап отыр.
null 

Осындай іс-шаралар Сталинградты қорғау үшін әскери бөлімдер жасақталған бірқатар облыстарда өткізілді.
null 

«Ата-бабаларымыздың баға жетпес ерлігі мен патриоттық сезімдері біздің бойымызда, біз Ұлы Жеңіс жауынгерлерінің бірегей ерлігі туралы естелікті жадымызда сақтаймыз» деп атап өтті Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков.

null null null null