Астананың туған күніне алып торт пісіріледі

АСТАНА. 20 мамыр. ҚазАқпарат - Астананың 15-жылдығына сыйлық ретінде қала кондитерлері алып көлемдегі торт пісіреді, оны кесу салтанаты «Хан Шатыр» СОСО күмбезінің астында өтеді, деп хабарлады елорданың 15-жылдығына дайындық және оны өткізу бойынша ұйымдастыру комитеті штабы басшысының орынбасары Талғат Колбачаев Рrimeminister.kz сайтына берген сұхбатында.

Астананың туған күніне алып торт пісіріледі

«Астана күнінің мерейтойын атап өтудің ерекше айқын сипаты арнайы жобалар болмақ», - деп атап өтті Т. Колбачаев.

Штаб басшысының орынбасары айтып кеткендей, елорда мерейтойының ерекше жобаларының бірі - бұл рекордтық алып тортты пісіру, одан кез-келген адам дәм тата алады.

«Қала күніне елордадағы «Хан Шатыр» сауда-ойын сауық орталығында Астананың Туған күні құрметіне ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан мерекелік тортты кесу салтанаты өтеді», - деді Т.Колбачаев.

Бұдан өзге, астаналықтар қаланың басқа да сауда-ойын сауық орталықтарында үлкен мерекелік торттардан дәм тата алады. Онда балалар мен қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарламаны тамашалауға болады.

Әкімдік өкілі хабарлағандай, тәтті тағамның салмағын, биіктігін, өнімдердің құрамы мен басқа да сипаттамаларын өндірушілер әзірге құпия түрде ұстап отыр, бірақ аспаздық туындыға тең келер тағам пісірілмеген.