Астананың тұрғын үй инспекциясына 3 мыңнан астам өтініш түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 10 айында елорданың тұрғын үй инспекциясына заңды және жеке тұлғалардан 2 мың 957 өтініш түсті. Олардың негізінде ҚР Кәсіпкерлік кодексі негізінде пәтер иелері кооперативтері мен қызмет көрсетуші ұйымдардың жұмысына 87 жоспардан тыс тексеру тағайындалды.

Астананың тұрғын үй инспекциясына 3 мыңнан астам өтініш түсті

Мониторинг жұмыстарының нәтижесі бойынша, нақты мерзімдері көрсетіле отырып, жіберілген кемшіліктерді жою жөнінде 102 ескерту берілген, деп хабарлайды Астана әкімдігі. 

Тұрғын үй инпекциясының бастамасымен пәтер иелері кооперативтері мен қызмет көрсетуші және үйлерді қамтамасыз ету ұйымдарының жұмысына қатысты тұрғындармен 200-ден астам көшпелі мәжілістер ұйымдастырылды.

9 қызмет көрсетуші ұйым өзгертіліп, 3-інің басшылары ауыстырылды. 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасының негізінде Астанда 3 көппәтерлі үйге жөндеу жүргізіліп, 49 лифт құрылғылары ауыстырылды.