Астананың тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар көлемі 80 млрд теңгені құрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы қаңтар-тамыз айларында тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 80732,9 млн. теңгені құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 21,6%-ды құрады, дп хабарлады astana.gov.kz.
Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы ауданы 1197448 шаршы метр 10985 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2014 жылдың қаңтар-тамызынан 74,2%-ға жоғары. Жеке салушылармен жалпы ауданы 31000 шаршы метр тұрғын үйлер салынған.
Жалпы іске қосылған тұрғын үйлердегі жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 2014 жылғы қаңтар-тамызындағы 5,9% қарағанда 2,6%-ды құрады.
Елордада 2015 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үйлердің жалпы ауданының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты құны 118,7 мың теңгені, оның ішінде жеке салушылармен салынғаны 84,3 мың теңгені құрады.