Астананың туристік нышанына айналатын эскизге ашық байқау жарияланды

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Астананың туристік нышанына үздік нобай жасауға арналған ашық шығармашылық байқау жарияланды.
None
None

Байқаудың үйымдастырушысы - Астана қаласының әкімдігі. Байқау бас қаланың ең әдемі туристік нышанына айналатын үздік әрі бірегей жасалған нобайын анықтау мақсатында өткізілмек.

Астана 14 жыл ішінде көркейіп, гүлденді. Реңсіз, жабық қаладан, көркімен көз жауын алатын әлемдік шаһарлардың біріне айналды.

«Енді, «Біз туристерді тағы қандай қызықтармен таңғалдыра аламыз?» - дегенді де ойлау қажет. Мысалға, Лондонға барған туристер шынайы өмірде болмаған Шерли Холмстың мұражайына қарай ағылып жатады. Ғұлама Конфуцийдің: «Әлемді таңбалар мен нышандар басқарады...» деген нақыл сөзі бекер айтылмаса керек. Аталған заңдылықты, маркетинг пен жарнама саласының мамандары әлдеқашан сайлап алған, туризм саласы үшін де - айқын мысал», - делінген ұйымдастырушылардың ақпаратында.

Байқауға жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Сондай-ақ жас шамасына байланысты, кәсіби және басқа да шектеулер қойылмайды.

Байқау материалдарын қабылдау 2012 жылдың 7 мамырынан 25 маусымына дейін жүргізіледі. Жеңімпаздар 2012 жылдың 6 шілдесіне дейін (І-ІІ және ІІІ орындар) анықталады. Бас жүлде иеленген жеңімпаздың жоба-эскизіне макет дайындалып, автор туралы жарнамалық буклет шығарылады. Жеңімпаздардың барлығына дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталады.

Соңғы жаңалықтар