Астананың туристік символын көрсете алатын адам табылмай жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Астананың туристік символын көрсете алатын  эскиз- идеяларды анықтайтын республикалық конкурстың қазылар алқасы қабылданған өтініштердің бір де біреуі талапқа сай емес деген қорытындыға келді.
None
None

 Сондықтан, бірінші конкурс күшін жойып, конкурстың екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы,  конкурсқа өтініш 25 қаңтарға дейін қабылданған болатын. Қазақстанның түпкір-түпкірінен 142 адам өтініш білдірген екен. 26 қаңтар күні конкурстың қазылар алқасы конверттерді ашып, 13 үздік жұмысты таңдап алған. Алайда, кейінірек, жұмыстарды бағалап, ашық дауыс жүргізгіннен кейін олар сол 13 жұмысты да жарамсыз деп тапқан.

«Комиссия жеті рет отырыс өткізді. Комиссия мүшелерінің арасында сәулетшілер мен дизайнерлер, тарихшылар бар. Комиссия өтініштерді бірнеше рет қарап шықты. Бірнеше рет бас қосса да комиссия ортақ бір шешімге келе алмады. Сондықтан, конкурстың бірінші кезеңі жойылды. Осылайша, екінші кезеңін жариялау туралы шешімге келдік»,-дейді Астана қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Қаналимов.

Бүгіннен бастап, қазақстандықтар енді 20 күн ішінде осы конкурсқа қатыса алады. Конкурстың жүлде қоры 3,5 млн теңге. Жеңімпаз адамға 2 млн, екінші орын алғанға 1 млн, үшінші орын алғанға 500 мың теңге сыйақы беріледі.

Соңғы жаңалықтар