Астананың Уәлиxанов пен Сейфуллин көшелерінде «Bus Lane»-ды енгізу жоспарланған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімдігі Сәкен Сейфуллин және Шоқан Уәлиxанов көшелерінде «Bus Lane»-ды белгілі бір уақытта енгізуді ұсынып отыр. Бұл дегеніміз, кептеліс жиі болатын таңғы және кешкі уақытта аталған жолақпен тек қоғамдық көліктер ғана жүре алады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Сейфуллин мен Уәлиxанов - көлік кептелісі жиі болатын жерлер. Біз үшін ол - үлкен проблема. Қыста көлік қозғалысы баяулайды. Демек, аталған көшелерде кептелістер көбейе түседі. Қазір Сейфуллинмен 25 маршрут, ал Уәлиxановпен 25 маршрут жүреді. Ол жерден ең көп 280 мың адам тасымалданады. Оған қоса, екі көшемен 70 мың көлік жүреді», - деді қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Егембердиев бүгін қалалық көлік кешенін дамыту мәселеріне арналған партиялық тыңдауда.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Сәкен Сейфуллин және Шоқан Уәлиxанов көшелерінде «Bus Lane»-ды белгілі бір уақытта енгізу жоспары бар. Мәселен, таңғы сағат 7.00-10.00 мен кешкі сағаттарда 18.30-20.00 аралығында арнайы жолақпен тек қоғамдық көліктер ғана жүрсе, автобустардың жылдамдығын арттырып қана қоймай, қозғалыс жиілігін де реттеуге болады.

«Дәл осы мәселені біз сарапшылардың талқылауына, жалпы xалықтың талқысына шығарып отырмыз. Шыны керек, аталған бастаманы іске асырсақ, Республика сияқты көрші көшелерге салмақ түседі. Дегенмен, кептелістер жиі болатын көшелердің қозғалысын ретке келтіре аламыз. Осыған байланысты қоғамның нақты ұсыныстарын күтеміз», - деп атап көрсетті Егембердиев.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Астана бойынша 23 көшеде автобус жолағы енгізілді. Алдағы уақытта тағы 15 көшеде "Bus Lane"-ды енгізу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар