Астананың учаскелік инспекторлары тұрғындардың сеніміне кіру үшін белсенді жұмыс жүргізуде
Сондай-ақ қаладағы үйлердің кіреберістерінде 900-ден астам ақпараттар ілініп, арнайы есепте тұрған 2 мыңнан астам азаматтарға тексеру жүргізген. Бұл мәліметтерді бүгін Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, бұл Мемлекет басшысының тұрғындардың ішкі істер органдары қызметкерлеріне деген сенімін арттыру қажеттігі жөніндегі берген міндетін жүзеге асыру мақсатында атқарылуда. Шараның басты мақсаты учаскелік инспекторлар мен полиция қызметкерлерінің мәртебесін көтеру болып отыр. Ақпанның 19-ынан басталған іс-шара барысында тәртіп сақшылары қылмыс пен құқықбұзу әрекеттерінің алдын алу жұмыстарын да жүргізуде. Учаскелік инспекторлар тұрғындармен пікір алмасып, оларға өздері жөніндегі мәліметтер жазылған қағаздарын таратуда. Сондай-ақ шара барысында қаладағы тұрғын үйлердің кіреберістеріне уаскелік полиция қызметкерлерінің байланыс телефондары жазып қалдырылады. Тәртіп сақшылар аталғандармен қоса ішкі істер органдарында арнайы еесепте тұрған азаматтарды да ұдайы тексеру үстінде. Аталмыш шара сәуірдің 1-іне дейін жалғасады деп күтілуде.