Астананың үздік мұғалімдері пәтерлі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Әсет Исекешев үздік мұғалімдер мен тәрбиешілерге пәер кілттерін табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null
Сонымен, Астана білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі барысында  № 37 «Арман» балабақшасының жоғары санатты тәрбиешісі Гүлзамира Оразбаева,  №38 «Шаттық» балабақшасының тәрбиешісі Сәнияш Жиентаева пәтерлі болды.

Бұдан бөлек, №1 мектеп-лицейі бастауыш сыныбының ұстазы Надежда Писареваға, №32   мектеп-гимназиясының психологы Ольга Абрамова, № 48 мектеп-лицейінің информатика мұғалімі Қамажай Ибрайымоваға, №65 мектеп-гиназиясының сурдопедагогы Рауан Бақытқа, елордалық Кәсіптік-техникалық колледждің өндірістік оқыту шебері Әлімжан Қарағожинге, астаналық техникалық колледждің тарих пәнінен ұстазы Эльмира Қадыроваға, Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының қосымша білім беру педагогы Бибігүл Исабаеваға, сондай-ақ басқа да үздік ұстаздарға пәтер кілті табысталды.
null 

Мұнымен қоса, өз қызметінде жақсы жағынан көрінген мұғалімдер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар
telegram