Астананың үздік оқушысы анықталды

Биыл байқау тақырыбы Қаныш Сәтпаев, Евней Бөкетов, Әлімхан Ермеков сынды Қазақстанның белгілі ғалымдарына, халқымыздың патриоттарына, қазақ, орыс және әлемдік мәдениет білгірлеріне арналды. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 10-сынып оқушылары қатысты.
Үш кезеңнен тұрған ақтық сынға 16 адам өтті. Олар жалпы эрудиция бойынша сұрақтарға жауап беріп, «Қазақстан ғалымдары: Қ. Сәтпаев, Е.Бөкетов, Ә. Ермеков» викторинасына қатысты, сондай-ақ берілген тақырыптарға мәтін дайындады.
Байқау қорытындысы бойынша көшбасшылар арасында № 60 лицейдің оқушысы Айсұлу Асылбекова жеңімпаз атанды.
«Меніңше бұл байқау өзіңнің көшбасшылық қасиеттеріңді көрсетуге, білім алуға зор мүмкіндік береді, бұл байқау патриотизм сезімін дамытуға септігін тигізеді, ал бұл өте маңызды. Маған көмектесіп, кеңестерін берген барлық мектеп ұстаздарына алғысымды білдіремін», - дейді А. Асылбекова.
Бірінші орын № 40 мектеп оқушысы Еманғалиева Камилаға бұйырса, № 52 орта мектеп оқушысы Базархан Дамир мен № 64 мектеп-лицей оқушысы Әбілбекова Адал 2-орын алды. № 62 мектеп-лицейдің оқушысы Тұрсұнқанова Әнел, № 66 мектеп-лицейдің оқушысы Құрамысова Ақниет және № 38 мектеп-лицейдің оқушысы Досболов Диасжан 3-орынды иеленді.
Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлер дипломдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.